Ресейде парламенттік сайлау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде парламенттік сайлау басталды

17.09.2021

Бүгін Ресейде парламенттік сайлау басталды. Ол үш күнге созылып, жексенбіде аяқталады. Болжамдарға қарағанда, бұл жолы да биліктегі «Единая Россия» партиясы сөзсіз жеңіске жетуі мүмкін.

Бірінші болып Қиыр Шығыстағы Петропавловск-Камчатский тұрғындары дауыс беруге кірісті.

Оппозицияның сөзінше, Кремль оны басып-жаныштап, сайлауға қатысу мүмкіндігінен айырды. Алайда, билік ешкімді саяси мақсатпен қудаламағанын алға тартып, кейбір жекелеген адамдардың заң бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын мәлімдеп отыр.

Ресейліктер қазір Мемлекеттік дума депутаттарымен бірге аймақ губернаторларын және жергілікті заң шығару ассамблеяларының мүшелерін де сайлап жатыр. Осыған дейін Ресей Украинаның шығысындағы сепаратистер бақылауындағы аудандардың 600 мыңдай тұрғынына Ресей паспортын берген еді. «Единая Россия» оларды да өзіне дауыс беруге үндеді.

Айта кетсек, Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы 193 жылдан бері алғаш рет бақылаушы жібермеді.

«Единая Россия» 450-орындық Думадағы үстемдікті сақтап қалудан үмітті. Кейбір бақылаушылардың ойынша, парламенттегі басымдық оған президент Владимир Путинге 2024 жылдан кейін де билік етуге мүмкіндік беру үшін қажет.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу