Павлодарда құрылысы тұралаған нысандардың иелеріне қатаң шара қолданылады
Павлодарда құрылысы тоқтап қалған нысандардың иелеріне қатысты қатаң шара қолданылады. Қазір қалада 26 нысан тізімге ілікті. Олардың 15-і -облыс орталығында, 5-і Екібастұз және 6-ы Ақсу қаласында. Шаһардың шырайын кетіріп тұрған құрылыс нысандарына қатысты тұрғындар тарапынан да наразылық күшейген. Себебі, үй-күйсіз жүрген адамдар көбіне соларды мекендейді. Кейбірінің қоршауы жоқ, балалар кіреді. Тіпті, іргетасы жарылып, кірпіші үгітіле бастаған, апатты жағдайда тұрғандары да бар.
Арман Шакарманов, Облыстық қала құрылысы және жер телімдерін бақылау басқармасының бас маманы:
Негізгі мәселе қаржының болмауынан туындап отыр. Және ұзаққа созылған құрылыс нысандарының иесі жиі ауысады. Бәлкім олар бұны қулықпен жасайтын шығар. Ал, кейбірі мүлдем хабар-ошарсыз. Сондықтан біз мәліметті жергілікті полиция қызметіне береміз. Олар тауып алған соң жауапкершілікке тартылады. Желтоқсанның 15-не дейін құрылысы жылдар бойы созылған нысандарға қатысты нақты шешім қабылдаймыз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің өзегі
25.08.2026, 17:33
Петропавлда Абылай ханға арналған конференция өтті
25.08.2026, 17:30
Елордада есірткіге қарсы шара өткізілді
25.08.2026, 17:27
Ел жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 17:25
Алматыда көзді тегін тексеріп жатыр
25.08.2026, 17:22
Инвестиция тарту үшін мемлекет тарапынан қандай жағдай жасалуы қажет?
25.08.2026, 17:20
Атырау облысында 6 мектеп пайдалануға беріледі
25.08.2026, 17:20
Жамбыл облысында балалардың қатысы бар 301 жол апаты болған
25.08.2026, 17:17