Қостанайда балаларға екпе жасалды деген жалған ақпарат тарады
Балаларға екпе жасалды деген жалған ақпарат. Қостанайдағы № 7 мектепте 13 балаға ата-аналарына ескертпестен екпе жасалып, екеуі қайтыс болды деген аудиожазба WhatsApp мессенджері арқылы тарап кетті.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Бірден айтайық, аудиожазбадағы әңгіме шындыққа жанаспайды. Ондағы ақпаратты Білім басқармасы мен Денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарды. Қазір мектептегі жағдай қалыпты. Оқушылар күндегіше сабаққа келген. Дегенмен түн ішінде тараған жазба көпшілікті біраз дүрліктіргені рас. Онда 13 балаға екпе жасалып, екеуі қайтыс болып кетті делінген. Қазір полиция жалған ақпарат таратқандарды іздеуге кірісті. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстің 274-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша айыпталғандар 1000 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл төлейді немесе 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады, тіпті бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Сондықтан полиция жалған ақпарат тарату- қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді.
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18