Елімізде еттің бағасы 20 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде еттің бағасы 20 пайызға өскен

15.09.2021

Мал етін енді тек мерекеде жейміз. Қымбатшылық қысқан жұртшылықтың бұдан артық айтары жоқ. Себебі еттің бағасы 20 пайызға өскен. Жауапты органдар жаттанды сөзінен жаңылар емес. Бағаның шарықтауына себеп көп. Бірақ, тұрақтандыру бойынша мардымды шара шамалы.

 Орынтай қазаны оттан түспейтін отанасы. Үйінен қонақ үзілмейді. Сондықтан базар нарқын жақсы біледі. Қазір, жіліктеп алу былай тұрсын, бір асым ет алудың өзі мұң.

 Орынтай Базарбекова, қала тұрғыны:
Базарда баға аспандап тұр. Жылқы түгілі, қой еті бағасын қалта көтерме бермейді. 3 мың теңге. Тек жағдайы барлар алады. Бұл қымбатшылықтан арадағы алыпсатарлардан құтылмай арылу мүмкін емес.
 Майра Аркенова, ет сатушы:
Бізге қолдан қолға өтеді....

Саудагер солай десе, басқалары қымбатшылықты қуаңшылықтан көреді. Ұлттық банк басшысы 7 айда жем-шөп бағасы 25%-ға артқанымен байланыстырады. Яғни мал қорегінің бәсі ет өндірісінің өзіндік құнының 70%-ын қамтып отыр. Түрлі талдау бар. Бірақ, түптеп келгенде халықта таңдау жоқ.

 Аналық мал мен ұсақ түлікті экспорттауға уақытша тыйым салынды. Бірақ, басқасына бөгет жоқ. Салдарынан сапалы өнім сыртқа кетіп, ішкі нарыққа екінші сортты ет жеткізілуде. Мысалы, 6 айда 10 мың тонна сиыр еті, 940 тонна жылқы еті импортталған. Негізі алдымен ішкі нарықты жарылқамай жағдай түзелмейді.

Ермек  Әбуов, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Басқарма Төрағасының орынбасары:
Фермерлердің басты проблемасы делдалсыз сату. Шаруалардың сату бағасы сиыр етін Солтүстік өңірлерде 1 кг 1600-1700 теңге. Оңтүстік өңірлерде 2000 теңгеге дейін. Ал нарықтағы баға шарықтап тұр. Бұған фермерлерге келетін пайда жоқ.

 Жанар-жағармай, электр жарығының қымбатшылығы да бағаға әсер етеді. Бірақ, бастысы мал азығы. Қазіргі уайым қыстан қысылмай шығу.

 Бақытжан Момбеков, ҚР АШМ мал шаруашылығы департаментінің басқарма басшысы:
Ең біріншіден бізде штаб құрылған. Өз тарапынан қандай шөп, қандай жем керек екенін жоспарлайды. СКЛ 00:04:35 Мысалы шөпті біз 23 млн 700 мыңға жеткізуіміз керек. Соның 91 пайызы қазір орындалып отыр.

Түптеп келгенде мәселені шешудің жолы жалғыз,-дейді фермерлер қауымдастығы. Ол етті бір ораталықтан тарату. Сонда шаруа мен сатушы арасындағы көлденең көк аттылардан арылуға мүмкіндік туады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу