Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтылды. Оның жұмыс уақыты 2023 жылға дейін негізделген, яғни, ол 12,5 жыл қызмет етуі тиіс. «Сондықтан, біз осы жылдан оның орнына жаңа ғарыш аппаратын дайындау жобасын іске асыруды бастадық», дейді мамандар. «KazSat жүйесiн пайдалану кезеңiнде шетелдiк спутниктердiң ресурстарын пайдалануды қысқарту 14,7 млрд. теңге табыс әкелдi. «Бiзде «KazSat» жүйесiнiң спутниктерi болмаған кезде тұтынушыларымыз шетелдiк жерсерiктердi пайдаланғаны үшiн 45 млн. АҚШ долларын төлеушi едi», дейді министр Бейбіт Атамқұлов. Сонымен қатар, ол «2025 жылы гептилы бар протондар ұшуын тоқтатады», деді.
Индира БЕГАЙДАР