Қызылорда облысында 18 мың гектар күріш алқабына орақ түсті
Қызылорда облысында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінде 18 мың гектар күріш алқабына орақ түсіп үлгерді. Жалпы биыл өңірде 83 мың гектардан астам жерге Сыр салысы егілген.
Аймақта алғаш болып егінге Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарының диқандары орақ салды. Жазғы маусымда алқапқа су жеткізу қиынға соққанымен шығымдылық жаман емес. Әзірге, орташа есеппен әр гектардан 46,7 центнерден өнім жиналуда. Шаруашылықтар арзан жанар-жағармаймен қамтылған. Техника саны да жеткілікті. Енді шаруалар қара күзге дейін жиын-терімді аяқтап,қамбаны дәнге толтыруды көздеп отыр.
Асқар Бердібаев, шаруа қожалығының төрағасы:
Биылғы жылы енді судың аз болуына байланысты әр тараптандырумен жұмыс жасап, 150 гектар жерге күздік бидай ектік, 50 гектер мақсары ектік. 130 гектар жерге бау-бақша ектік. Межемізбен 55-60 центнерден өнім аламыз деп отырмыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03