Түркістанда бір отбасының өліміне кінәлі деген екі адамға қатысты сот басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда бір отбасының өліміне кінәлі деген екі адамға қатысты сот басталды

14.09.2021

Түркістанда бір отбасының 5 мүшесінің газдан уланып қайтыс болуына қатысты іс бойынша сот отырысы басталды. Алғашқы сот отырысында тұрғын үйге газ құбырларын тартқан екі фирманың басшысына айып тағылды. Прокурордың мәліметінше, ешбір жерде істемейтін екі дәнекерлеуші сол үйге газ құбырын кіргізген. Алайда жауапты фирма жетекшілері жұмысты көрместен-ақ барлығы талапқа сай деп жалған құжат жасап берген. Екі басшының кінәсі дәлелденсе, 4 жылдан 8 жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, 27 ақпан күні Түркістандағы жер үйлердің бірінен 41 жастағы анасы мен оның төрт баласының мәйіті табылған болатын. Арнайы жүргізілген сот-медициналық сараптама қорытындысы олардың газдан уланғанын анықтады.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу