Жамбылдағы жарылыстан жарақат алған тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдағы жарылыстан жарақат алған тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды

13.09.2021

Өткен жұма Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші қайтыс болды. Ол бұған дейін Нұр-сұлтанға жеткізіліп, ем шара елордада жалғасқан еді. 

 Раушан Сайлауқызы, тілші:
28 жастағы Жәнібек Тұрманов есімді өрт сөндіруші бұған дейін ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан. Бірақ елордалық дәрігерлер бар күш-жігерін салғанымен, азаматтың жанын арашалап қалу мүмкін болмады. Өрт сөндіруші өте көп жарақат алған, денесінің 55 пайызы күйген. Жағдайы ауыр күйде түскен азаматтың денсаулғы дұрыс жазылмады. 10 қыркүйек таңғы сағат төртте науқастың демі үзілген. Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның 10-ы азаматтық қорғау органдарының қызметкері, 6-уы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкері және біреуі әскери прокурор.

Қазіргі уақытта 26 адам стационарда әлі де ем алып жатыр. Олардың 15-і госпитальда емделіп жатқан әскери, полиция және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкері. Ал, Тараз қалалық ауруханасында жатқан науқас үйіне шығарылды. Тағы бір азамат әлі де іздестірілуде. Арнай құрылған штаб қазір қираған үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу