Тамыз айында төл теңге бағамы тұрақты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамыз айында төл теңге бағамы тұрақты болды

10.09.2021

 Тамыз айында төл теңгеміздің бағамы тұрақты болды. Әлемдік экономика құбылып, қара алтынның бағасы қайта-қайта құбылғанымен, ұлттық валюта айтарлықтай арзандамады. Оған бірқатар себептер бар. Әріптесім тақырыпты толығырақ тарқатады.

Тамызда мұнай нарығындағы құбылмалылы қшынымен де күшейе түсті. Қара алтынның құны 7 сессия қатарынан түсіп, 14,6 пайызға арзандады. Яғни, 1 баррелі 65 АҚШ долларына теңесті. Тек айдың соңында ғана баға қайта көтеріле бастады. Осылайша тамызда мұнай 4,4 пайызға арзандаған.

Ғазиз Көрпебаев, ҚҰБ монетарлықоперациялар департаменті басқармасының бас маманы: 
Мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, теңгенің айырбастау бағамы тамызда 0,2%-ға ғана әлсіреді. Экспорттаушылардың салық міндеттемелерін орындау үшін шетел валютасын сатуы мұнай бағасының төмендеу жағдайында теңгенің құбылмалылығын шектеді.

Теңгенің тұрақты болуына маусымдық салық түсімдері көмектескен. Тамыз айы экспорттаушы компаниялардың тоқсандық салықтарды төлеу кезеңі. Сондықтан төлемдер көлемі алдыңғы жаз айларына қарағанда ірірек болды. Осылайша Ұлттық қорға шетел валютасындағы түсімдер көлемі 506 млн АҚШ долларын құрады.

Ғазиз Көрпебаев, ҚҰБ монетарлықоперациялар департаменті басқармасының бас маманы: 
Квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан міндетті сатулар және бюджетке трансферттерді жүзеге асыруға арналған Ұлттық қор қаражатын конвертациялау бойынша операциялар теңгеге қосымша қолдау көрсетті. Жалпы алғанда, тамыз айында нарық теңдестірілген жағдайда болғанын және Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізбегенін атап өткен жөн.

Нарықтардағы сентиментке келетін болсақ, жаћандық проинфляциялық қысым өсіп жатыр. Осыған байланысты ФРЖ және Еуропалық орталы банк өкілдері сандық жеңілдету бағдарламаларын тоқтату қажет деп отыр. Бұл қаржы нарықтарындағы, ең алдымен, дамушы елдердің активтеріне қатысты құбылмалылықтың өсуіне алып келуі мүмкін. Соған қарамастан ұлттық валюта тұрақтылықты сақтап қала алды.

Оңғар Алпысбайұлы



Хабарламаларға жазылу