Қазгидромет: Жаңбыр жауып, қатты жел соғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Жаңбыр жауып, қатты жел соғады

10.09.2021

Бүгін еліміздің орталығы мен солтүстітігінде, шығыста, сондай ақ оңтүстіктің таулы аудандарында, күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазгидромет осылай деп мәлімдеді. Жамбыл облысының таулы аймақтары мен тау бөктерінде нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Тек елдің оңтүстігі мен батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Айта кетейік, республиканың басым бөлігінде секундына 15-20 метр жылдымдықпен жел соғады. Солтүстік пен солтүстік-батыста желдің күші секундына 28 метрге жетуі мүмкін. Еліміздің оңтүстік-батысы мен шығысында жекелеген аудандарда тұман түсуі ықтимал . Қостанай облысының кей аймақтарында бұршақ жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Сондықтан мамандар жылы киініп, алыс жолға шықпауға шақырады.   

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу