Доха әуежайына Кабулдан коммерциялық ұшақ жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доха әуежайына Кабулдан коммерциялық ұшақ жетті

10.09.2021

Ауғанстаннан Америка әскері кеткелі бері, Кабул әуежайынан алғаш рет коммерциялық ұшақтар сапарға аттана бастады. Qatar Airways компаниясының ұшағына мінген 100-ден астам адам бейсенбі күні Дохаға қонды. Екінші рейс бүгін жасалады.

Кабулдың авиациялық терминалы бір аптадан астам уақыт бойы жұмыс істеген жоқ. Тамыздың 31-де бұл жерден АҚШ пен оның одақтастары өз азаматтары мен елден қашқан ауғандықтарды жаппай көшіруді аяқтап, аэропортты тәліптерге тапсырғаны белгілі. Катар үкіметі өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір Кабул әуежайының жұмысын Катар мен Түркия мамандары қайта жандандырып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу