Елбасы БҰҰ отырысында бейнеүндеу жасады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі пленарлық отырысына қатысушыларға үндеу жолдады. Нью-Йорктегі алқалы жиын Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған. Отырыс Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бейнеүндеуімен ашылды. Елбасы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ халықаралық аренада антиядролық қозғалысты ілгерілету жолындағы қазақстандық дипломатияның ерекше күш-жігерін атап өтті. Қазақстан Семей полигонын жауып, ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық қозғалыстың көшбасшысына айналды. Ядролық қарудан бас тарту біздің елдің саналы әрі шынайы таңдауы еді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы:
Осыдан отыз жыл бұрын мен әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл адамзат тарихында ядролық сынақтар өткізуге заңдық тұрғыда тыйым салған алғашқы шешім еді. Семей полигонынан кейін дүние жүзі бойынша басқа да полигондар жабылды немесе тоқтатылды. Ядролық сынақтарға тыйым салу жаһандық сипатқа ие болды.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22