Қазақстанның реформалары туралы парламенттік форумда айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның реформалары туралы парламенттік форумда айтылды

08.09.2021

Халықаралық парламентшілер Венада бесінші дүниежүзілік парламенттік форумда әлемнің пандемиядан кейінгі даму мәселелерін талқылады. Жиынға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған қазақстандық депутаттар делегациясы қатысты. 90-нан аса елден келген спикерлер климаттың өзгеруімен күрес, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жалған ақапаратқа қарсы тұру, жастардың саясатқа қатысуы және гендерлік теңдік тұрғысында пікір алмасты. Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы ауқымды реформалар, оларды уақытылы заңнамалық қолдау – еліміздің халықаралық ұстанымдарға сәйкес тұрақты дамуына мүмкіндік беретінін баса айтты.

Мартин Чунгонга, Парламентаралық одақтың бас хатшысы:
Біз Қазақстан Президенті Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасын қолдаймыз. Бүгінде Президент әлемдік қоғамдастық бетпе-бет келіп отырған проблемаларды шешуге бағытталған жаћандық күш-жігердегі Қазақстанның көшбасшылық ұстанымын қамтамасыз етуді жалғастырып келеді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Форумға жиналған Парламент өкілдері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформаларына, саяси бастамаларына ерекше көңіл бөлді. Бұл, әрине, біздің қазақстандық даму жолымыз бүкіл әлем елдерінің назарында екенінің тағы бір нақты көрсеткіші.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу