Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Қазақстан Ауғанстандағы қандастарымызды елге қайтару мәселесін қарастырып жатыр. Бүгін Ақордада бірқатар дипломаттармен кездескен Президент осылай деп мәлімдеді. Он елдің төтенше және өкілетті елшілері Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын табыстады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтады. Президент олардың тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі достас елдермен ынтымақтастық орнатуына ықпал етеді деп сенім білдірді. Сонымен бірге пандемиямен күресте күш біріктірген елдерді ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Пандемиямен күресте Қазақстан өзінің жаһандық серіктестерімен ынтымақтастықтың арқасында Ресейден, Қытайдан және АҚШ-тан вакциналар жеткізуді қамтамасыз етіп келеді. Еліміз тиімді және, ең бастысы, қауіпсіз вакцина жасап шығарды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатын алғаннан кейін біз оларды шетелдерге жеткізе аламыз. Пандемия, жаппай қырып-жою қаруының таралуы және климаттың өзгеруі сияқты ғаламдық қауіп-қатерлермен күресте күш біріктіргеніміз абзал.
Мемлекет басшысы Ауғанстандағы шиеленіскен мәселелерді реттеу үшін Қазақстан шетелдік серіктестерімен жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Бастысы, сол аумақтағы отандастарымыз эвакуацияланады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Енді біз Ауғанстандағы қазақ диаспорасының мүшелерін, яғни қандастарымызды елге қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз. Гуманитарлық ұстанымдарға сәйкес, ауғанстандық 57 студенттің білім беру визаларын ұзарттық. Сонымен қатар бортында шетел азаматтары бар ұшақтарға жанармай құю үшін транзиттік әуе дәліздері мен қону алаңдарын ұсындық. БҰҰ-ның Ауғанстан жөніндегі агенттіктерінің қашықтағы уақытша кеңсесі Алматы қаласына орналастырылды.
Президент Эстония, Әзірбайжан, Испания, Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландия, Румыния, Италия, Бельгия, Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Қырғыз Республикасының елшісінен Сенім грамоталарын қабылдады. Ұлыбритания елшісі Кэтрин Джейн Лич Президентке қазақ тілінде сөйлеп, грамотаны тапсырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасындағы бесінші ірі инвестор саналатын Біріккен Корольдікпен арадағы стратегиялық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсім соңында елшілер арқылы мемлекет және үкімет басшыларына сәлемі мен игі тілегін жолдады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13