Алматыда коронавирус жұқтырған 362 науқастың жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус жұқтырған 362 науқастың жағдайы ауыр

07.09.2021

Коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша Алматы қаласы 1-орында тұр. Соңғы тәулікте 957 адамнан инфекция табылған. Олардың 900-ден астамының симптомдық белгілері бар.

Жазира Оразқызы, тілші:
Қаладағы инфекциялық стационарларда 3 940 адам емделіп жатыр. 362 науқас жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде. Соңғы уақытта балалар арасында да індет жұқтыру көбейді. Қазір 113 бала ем алып жатыр. Бүгінгі таңда БМСК мен «Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 8 108 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7 863, симптомсыз 245 науқас бар. Қаладағы вакцинациялауға келсек, бір тәулік ішінде 1-компонентты 4 679 адам, 2-компонетты 6 046 адам вакцинацияланды.Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 114 236 адам. Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт нысандарц, базарларда және СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. Қазір қалада карантин жеңілдеді.


Хабарламаларға жазылу