Алдағы күндері елімізде күн суытып, жауын-шашынды болады. Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік аймақтарда қатты жауын жауып, найзағай ойнайды. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмайды. 8-9 қыркүйекте Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіліп отыр. Батыс аймақтарда ауа температурасы күндіз 14-22, солтүстік пен орталықта 13-23 градус жылы болады. Шығыста термометр бағаны 20-25, оңтүстікте 22-27 градусты көрсетеді.
Дарын Сағитов