Президент Жолдауында қандай жаңа бастамалар көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жолдауында қандай жаңа бастамалар көтерілді

05.09.2021

Ең төменгі жалақы мөлшерін алдағы қаңтардан 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге көтеру, 2025 жылға дейін дейін 1000 мектеп салу, мәдениет қызметкері, мұрағатшы, кітапханашы және қорықшылардың жалақысын жыл сайын 20% өсіру... Президент Жолдауын түсінбей қалғандар жоқ шығар, бірақ басты саяси жаңалық, тоқталамыз.

Оның үстіне міне мынадай дүние бізде көп. Өте көп. Бүктеліп тұрғанда ересек адамның жейдесі сияқты көрінеді, ал ашып қалсаң, шолтиған бірнәрсе. Киюге келмейтін шүберек. Болып көріну мен шын мәніндегі болмысқа жақсы мысал.

Мысалы, ауыл шаруашылығындағы субсидиялау. Президенттің дерегінше, соңғы 5 жылдың өзінде субсидиялауға 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан- таражға салуға байланысты. Сонымен бірге Қ. Тоқаевтың сөзінше, агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы ескі.

Сондай-ақ, осымен нешінші рет, шаруалардың мал жаятын жер таппай отырғанына тоқталды. Себебі мұндай алқаптарды белгілі адамдар иеленіп алған.

Президент сөзінен цитата: Тіпті, оны (жайылымдық жерлерді) адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себепті сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауы тиіс.

Бұл проблеманы осымен нешінші рет, біз де көтеріп жүрміз. Мал жаятын жер таппай отырған адамдардан біз ұялатын болдық: «Айтқанмен не пайда, бәрібір шешілмейді» дейді. Жолдаудың кей тармақтарына Шерхан Жамбылұлы тоқталады.

Хабарламаларға жазылу