Елордада «Домалақ ана» спектаклі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Домалақ ана» спектаклі өтіп жатыр

03.09.2021

Елордаға Шымкент қалалық опера және балет театры гастрольдік сапармен келді. Кеше олар еліміздің еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызының жетекшілігімен «Домалақ ана» спектаклін қойды. Театрдың репертуарына жаңадан қосылған қойылым көрермендер тарапынан жоғары баға алып жатыр. Қойылым туралы тілшіміз тартқатсын.

Қойылым Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Айналасына аналық махаббатын шашқан Домалақ ананың бейнесі арқылы қазақ әйелінің даналығы, көрегендігі мен ержүректігі бейнеленеді. Оқиға кейін Домалақ ана атанған Нүриләнің жаңа түскен жас келін кезіндегі тұстан алынған. Оның бейнесі музыкалық академиялық өнер туындысында тұңғыш рет көрініс тауып отыр.

Операда қазақ елі басынан өткерген тарихи оқиға шынайы әрі кеңінен суреттелген. Ал, басты кейіпкер ретінде Домалақ ана мен жауынгер, ержүрек Бәйдібек батырдың бейнесі келтірілген.

Қойылымда қазақтың қуанышы мен қайғысы, күлкісі мен көз жасы, жаугершілік өмір мен қым-қуыт тіршілік толық қамтылған. «Домалақ ана»  спектаклі бүгін де 19:00 де Опера және балет театрында қойылады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу