Ақтөбеде екі қабатты ғимараттың төбесі опырылып, 2 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде екі қабатты ғимараттың төбесі опырылып, 2 адам зардап шекті

02.09.2021

Ақтөбеде кәсіпкерлерді қолдау қоры ғимаратының төбесі опырылып кетіп, екі адам жарақат алды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бес адамды құтқарып, аман алып шыққан.

Жақсыбек Кемал, тілші:
Оқиға кеше кешкі жеті жарымдар шамасында болған. Қала орталығында орналасқан екі қабатты ғимараттың төбесі опырылып ортасына түскен. Жұмыстан тыс уақыт болғанымен, ішінде қызметкерлер болған. Олардың екеуі үйінді астында қалды. Бірінің жағдайы өте ауыр. Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, басқаларын тысқа алып шыққан.

Бізге оқиға орнына кіруге рұқсат етілмеді. Себебі мамандар ғимараттың қалған бөлігі опырылып түсуі мүмкін екенін ескертті. Құтқарушылардың болжамы бойынша, төбе жабындысыауыр құрылыс материалдарын көтере алмай, құлауы мүмкін. Қазір тергеу-тексеруамалдары жүріп жатыр. Бұл ғимаратта кәсіпкерлерді қолдау қорынан бөлек тағытөрт мекеме қызметкерлері жұмыс істейді.


Хабарламаларға жазылу