Жеңілдетілген ипотека нағыз мұқтаж адамдарға берілуі тиіс - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген ипотека нағыз мұқтаж адамдарға берілуі тиіс - депутат

02.09.2021

Президент өз Жолдауында жаңа ипотекалық бағдарламаның несие шарты қолжетімді болуы керектігін айтты. Ол тек нағыз мұқтаж адамдарға берілуі тиіс. Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен ипотекалық несие берудің нақты жүйесін енгізуді ұсынды. Әлеуметтік көмекті әсіресе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға бағыттау керегін айтады. Былтырғы есеп бойынша 60 мыңға тарта жетім бала тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл сайын олардың тек 2,5% ғана кепілді баспана алады.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Президент Қазақстан әлеуметтік мемлекет екенін, сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету басты міндеттердің бірі екенін айтты. Осы әлуметтік қолдаудың нағыз мұқтаж адамдарға жетуінің нақты механизмін Үкімет толыққанды қарастыруы тиіс.


Хабарламаларға жазылу