Ең төменгі жалақы 60 мың теңге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең төменгі жалақы 60 мың теңге болады

02.09.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге ұлғайтуды тапсырды. Азық-түлік қымбаттап, баға шарықтаған уақытта мұның аса қажет қадам екенін экономистер де құптап отыр. 3 жыл бойы өзгеріссіз сақталған 42 500 теңгенің 60 мыңға өсуі - ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатына айтарлықтай оң әсер етеді дейді мамандар.

Қуаныш Бейсенғазин, Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры:
Ең төменгі күнкөріс деңгейін бекіту мақсатында арнайы зерттеу тобы құрылған болатын. Ол кезде әртүрлі сценарий қарастырылды. Халықтың жағдайын жақсарту үшін қанша пайызға арттыру керек деген сұрақ тұрды. Толыққанды есептеулер жүргіздік, артықшылығы мен кемшін тұсын сараладық, нәтижесінде бюджет үшін де ыңғайлы әрі халықтың табыс деңгейіне сай 60 мың теңге бекітілді. Бұл миллионға жауық адамға тікелей әсер еді. Бұрын 60 мың теңгеден аз жалақы алып жүрген адамдардың айлығы автоматты түрде көтеріледі.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ең төменгі жалақы мөлшерін, 40-тан 60 мың теңгеге өсіру – бүкіл өмірді өзгертетін, мыңдаған, миллиондаған адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартатын дүние. Өйткені барлығы сол көрсеткішке байланысты өзгереді.


Хабарламаларға жазылу