Елімізде ең жоғары және төменгі зейнетақы арасындағы айырмашылық азаюы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ең жоғары және төменгі зейнетақы арасындағы айырмашылық азаюы мүмкін

26.05.2022

Елімізде ең жоғары және төменгі зейнетақы арасындағы айырмашылық азаюы мүмкін. Бұл туралы Сенат қабырғасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Еске салар болсақ биыл сәуір айында әлеуметтік сала шығындары қосымша 4 пайызға индекстелді. Салдарынан 40-50 мың теңге көлеміндегі зейнетақы 2 мың теңгеге өссе, 300-400 мың теңгедегі зейнетақы 16 мыңға өскен. Теңсіздікті азайту үшін ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қайта қаралады, деді министр.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Екінші мәселе – ең төменгі жалақы мөлшері. Біз халықаралық еңбек ұйымымен және сарапшылармен бірлесе жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2 жыл бұрын ең төменгі жалақы 42 500 теңге болатын. Қазір 60 мың теңге. Бұл орташа еңбекақы мен басқа да төлемдердің мөлшеріне оң ықпал етті. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ұсыныстар дайын болғанда, нақты айтатын боламыз. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу