Басты Жаңалықтар Ресейде алтыншы вакцинаның сынақ кезеңі аяқталды

Ресейде алтыншы вакцинаның сынақ кезеңі аяқталды

Ресейде коронавирусқа қарсы алтыншы вакцинаның сынақ кезеңі аяқталды. Ол covid-19 инфекциясына және шошқа тұмауына қарсы тұра алады. Смородинцев атындағы ұлттық зерттеу орталығы шығарған вакцинаны бірер күнде Денсаулық сақтау министрлігі тіркемек. Жалпы көрші елде екпе алғандардың саны 40 миллион адамға жетті. Мәскеу, Санкт-Петербург қалалары - көш басында. Келер айдан бастап қызметкерлері 100 пайыз екпе салған жұмыс берушілерге ақшалай сыйақы тағайындалмақ. Қыркүйектің ортасында балаларға арналған вакцина ресми түрде тіркелмек.

Юлия Маринина, педиатр-иммунолог:
Бұл індеттен оңайлықпен құтыла қоймаймыз. Мәселен, Ньютонның кезіндегі эпидемиялар 150 жылға дейін жалғасқан. Алғашқы шыққан штамдарды балалар жұқтырмайды, не ауру жеңіл түрде өтетіні белгілі. Дегенмен балаларды да вакциналау керек екенін зерттеу дәлелдеді. Енді тиісті министрліктің рұқсатын күтіп отырмыз.

Индира Бегайдар

Бөлісу