Қазақстан мен БҰҰ бірнеше құжатқа қол қойды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай Швейцарияның Женева қаласында бірқатар шаралар өтті. Олардың аясында Қазақстандық делегация мен Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, архивтік және тарихи зерттеулерге қатысты мәселелерді талқылады.
Елбасы кітапханасы мен Женева саясат және қауіпсіздік орталығы қызметкерлерімен өткен жиында бірлесе атқарылатын іс-шаралар, ғылым, білім саласындағы бағдарламаларды іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу аясында қос ұйым ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Бақытжан Темірболат, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры:Елбасы кітапханасы аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Осы орайда ынтымақтастығымыз практикалық деңгейге шығуы мүмкін. Екіжақты ынтымақтастықтың ортақ мақсаттары мен бағыттарын таба алатынымызға сенімдімін.
БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің кітапханасында болған басқосу кезінде Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат: «Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың тарихи шешімінің арқасында Семей ядролық полигонын жапқан Қазақстан ядролық қарусыз әлем құруда көшбасшы болды. Елбасының «Манифест. Әлем. ХХІ ғасыр» баяндамасы Бас ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Бұл бағытты мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев та жалғастырып келеді»,-деп атап өтті .
Франческо Пизано, Женевадағы БҰҰ кеңсесі кітапханасы мен архивінің директоры:Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау – БҰҰ кеңсесі кітапханасы мен архиві қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Көптеген материалдар, құжаттар мен кітаптар аталған мәселелерді қамтиды. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының да бұл мәселелермен айналысатынына қуанып отырмыз. Бұл мүддеміздің ынтымақтастығымызды арттыратынына сенімдімін.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық жоспарын талқылап, ниет хатына қол қойды. Бұл құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі мен Қазақстанның тарихи мұрасын зерттеудегі серіктестікті нығайтады. Бүгінде БҰҰ кітапханасы мен архиві қорында 17 миллионнан астам кітап бар. Кездесуде қос тарап электронды кітап алмасуға уағдаласты.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33