Қорғаныс министрлігі снарядтар туралы желіде тараған видеоға түсінік берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігі снарядтар туралы желіде тараған видеоға түсінік берді

31.08.2021

Жеке кәсіпорынның ауласында үйіліп жатқан оқ-дәрілерге қатысты Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жасады. Олардың мәліметінше пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық ұйымы Қазтехнология акционерлік қоғамына берілген. Олардың құрамындағы жарылыс қаупі бар заттарды алып, өндірісте кәдеге жарату процесін жүргізілген. Жалпы, оқ-дәрілердің сынықтары осындай үрдістен кейін ғана gosreestr.kz электрондық сауда алаңы арқылы сатуға қойылады. Видеода көрсетілген снарядтардың сырты мен оқсауыты кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрондық gosreestr.kz. алаңындағы сауда арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары. Олар қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді.

Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігінің офицері: 
Бұл ұйымның түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы лицензиясы бар. 26 тамызда өрт шыққан Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрілер қоймасында мұндай оқ-дәрілер сақталмағанын айта кеткен жөн.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу