Жарылыс кезінде жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарылыс кезінде жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр

31.08.2021

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Бұған дейін 10 адамның жеке басына қатысты ақпарат жарияланған болатын. Енді тағы 4 азаматтың кім екендігі мәлім болып отыр. Солардың бірі Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Сергей Владимирович Заикин. Өзгелері Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Олар 1995 жылы туған аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек, 1987 жылы туған сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек және 1999 жылы дүниеге келген қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес. Сондай-ақ жарылыс кезінде жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу