Қазақстан елшіліктерінде мемлекеттік ту төмен түсірілді
Барлық шет мемлекеттердегі Қазақстан елшіліктерінің ғимараттарында мемлекеттік Ту төмен түсірілді. Еліміздің Бельгиядағы елшігінің ұжымы мен осы мемлекеттегі қандастарымыз да аза тұтып жатыр. Бейбіт күнде ата-ананың баласынан, аға-қарындастың бауырынан айырылуы үлкен қасірет. «Еңсені езген ауыр, зілді, азалы күн енді қайталанбасын, көк туымыз ешқашан төмен түспесін»-
Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгиядағы Төтенше және өкілетті елшісі:Қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарға қиын тиіп жатыр. Біз де қазақ тапқан азаматтардың туысқандарына, жақындарына көңіл айтқымыз келеді. Қайғыға ортақпыз. Жарақаттанған азаматтарымыз тезірек айығып кетуге тілектеспіз. Біз біргеміз.
Нұржан Айтмаханов, ҚР Бельгиядағы елшілігінің кеңесшісі:Жамбыл облысындағы қайғылы оқиға әр қазақстандықтың қабырғасына қатты батты деп ойлаймын. Мұндай апат енді ң үлкен-кішісі болмайды. Барлық қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Елшілікте виртуалды көңіл айту кітабы ашылған. Еуропалық дипломаттар, саясаткерлер сол кітап арқылы қазақстандықтармен бірге екенін жеткізуде. Көк тудың төмен түскенін көрген бельгиялықтар, еуропалықтар Брюссельдегі Қазақстан елшілігіне барып, қайғыға ортақтасуда.
Филип Де Буа, Брюссель қаласының тұрғыны:13 адамның бейбіт күнде қаза табуы үлкен қасірет. Апаттың кесірінен балалар әкесінен, жары күйеуінен, ата-анасы баласынан айырылды. Жаңалықтан естіп, елшілікке көңілімді білдіруге келдім. Біз Сіздермен біргеміз. Бекем болыңыздар.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07