Жарылыс салдарының шығын көлемі есептеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарылыс салдарының шығын көлемі есептеліп жатыр

29.08.2021

Байзақ ауданындағы әскери базада өрт сөндірушілер әлі жұмыс істеп жатыр. Жалынның қанша аумақты шарпығаны әзірге белгісіз. Ал жарылысқа байланысты 26-шы тамыз күні жабылған «Тараз – Алматы» жолы кеше кешке ашылды. Әскери қоймаға жақын орналасқан Қайнар, Жібек жолы, Үшбұлақ ауылдарына келген шығынның көлемі есептелуде. Бұл бағытта Байзақ ауданында құрылған жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Талғат Мамаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:
Мыңнан астам қызметші қызмет етіп жатыр. Және жүзден астам техника жұмыс істеп жатыр. Әскери базаға жақын орналасқан Қайнар ауылындағы тұрғындар әлі ауылына жұмыс жүргізіліп жатқаннан кейін шеттерінен келіп жатыр. Басқа ауылдарда халық үйлеріне қайтып жатыр.

 Шерхан Абзалұлы 


Хабарламаларға жазылу