Ресей және Қырғызстан Президенттері Қазақстан халқына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей және Қырғызстан Президенттері Қазақстан халқына көңіл айтты

29.08.2021

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті мен халқына қайғырып көңіл айтты.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Жамбыл облысындағы жарылғыш заттар жарылысының қайғылы салдарына байланысты көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін»,- деді Ресей Президенті.

Қырғыз басшысы Садыр Жапаров та Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Адам өліміне әкеп соққан жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қырғыз Республикасы халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Біз орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз», - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмоннан, Беларусь басшысы Александр Лукашенкодан, Армения Президенті Армен Саркисяннан жеделхат келді. Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов та көңіл айтып, қолдау білдірді. Көңіл айту жеделхаттары әлі де толассыз келіп жатыр.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу