Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Ту төмен түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Ту төмен түсірілді

29.08.2021

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде де Ту төмен түсірілді. Дипломатиялық өкілдіктің алдына түнгі 12-ден бастап диаспора өкілдері, студенттер мен мәскеулік тұрғындар келуде. Олар қазақ елінің қайғысына ортақтасып, жақындарынан айрылғандардың отбасыларына көңіл айтты. 

Гүлшат Көпбаева, қазақ диаспорасының өкілі:
Колхоз Сверлово, қазіргі Байзақ ауылында туып-өскен едім. Осы жағдайды естіп, шыдамай, елшіліктің алына келіп, қайғымды білдіруге ортақпын. Менің ауылдастарым, біз Мәскеуде тұрсақ та, жүректеріміз сіздермен, қайғыға ортақпыз. 
Марина Козиева, қала тұрғыны:
Біз мәскеуліктер, барлық Қазақстан тұрғындарына қайғырып көңіл айтамыз. Сонымен қатар, қаза болғандардың жақындарына, туыстарына да бірге екендігімізді жеткізгім келеді. Жарақаталғандар тезірек сауығып кетсін. Енді мұндай қайғылы жағдай ешқашан қайталанбаса екен деп тілеймін.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу