Президент Швейцария парламенті төменгі палатасының спикерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Парламенті төменгі палатасының спикері Андреас Эбиді қабылдады. Ол Швейцария Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі екенін, өнеркәсіп, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және қаржы саласындағы жоғары инновациялық әлеуетін атап өтті. 2005 жылдан бері ел экономикасына 27 миллиард доллардан астам қажы салған ең ірі үш инвестордың қатарында. Былтыр өзара тауар айналымы 1,7 млрд теңгені құраған. Өз кезегінде Андреас Эби екіжақты ынтымақтастықтың даму деңгейін оң бағалап, парламентаралық байланыстар арқылы нығайтуға дайын екенін білдірді. «Қазақстан - Швейцария» парламентаралық ынтымақтастық тобының жұмысын жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Жақында мен ірі Швейцариялық компаниялардың басшыларымен кездесу өткіздім. Атап айтқанда Глэн Кор басшылығымен. Бұл компания біздің елімізде табысты жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Қазақстан темір жолы компаниясы швейцариялық «Штадлер» компаниясымен әріптестік орнатты. Олар темір жол құрылысы мен вагон өндірісі бойынша бірлесе жұмыс атқармақ. Менің ойымша бұл біздің экономикалық байланысымыздағы үлкен жетістік.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22