25/744 әскери бөлімінің бас нысанашысы Артем Агеев қаруды тазалау кезінде оққа ұшқан. Оқ оның сол жақ иығына, жүректің тұсына тиген. Қайғылы жағдай кезекті оқу жаттығудан кейін болды деген ақпарат бар. Марқұм — Қарағанды қаласының тумасы. Әскерге былтыр қараша айында шақырылған. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда.
Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Жедел жәрдемге сағат 3-тер шамасында шақыру түсті. Әскерилер жаралы жауынгерді әскери бөлімнен өз күштерімен алып шыққандарын айтқан. Біздің қызметкерлер бригадасы сол бойда жолға шығып, алдынан қарсы алды. Олар «ҚазАзот» мекемесінің аумағында кездесіп, сарбазға шұғыл медициналық көмек көрсеткен. Алайда азамат көп қан жоғалтқан. Оны құтқару мүмкін болмады.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ