Ақтөбеде үш жасар сәби балабақша терезесінен құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде үш жасар сәби балабақша терезесінен құлап кетті

26.07.2019

Оның аяғы сынған, қазір ауруханада жатыр.

Оқыс оқиға балалар ұйықтайтын бөлмеде болған. Тәрбиеленушілердің алдынғы тобы бөлмеге кірген сәтте бала жартылай ашық тұрған терезенің алдына шығып кеткен. Оны жерде құлап жатқан жерінен жақын маңда жұмыс істеп жатқан құрылысшылар көріп қалып, ішке алып келген.

Бұл жағдайдан кейін 35 жастағы тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ал, терезелерге құлып орнатылып үлгерген. Дәрігерлер қазір баланың жағдайы орташа екенін айтады. Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқыс оқиғаға байланысты тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сағидолла Досмағамбетов, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Бас миы шайқалып, сол жақ аяғының сүйектері сынған. Қазір баланың жағдайы орташа. Травматология бөлімінде дәрігерлер емдеп жатыр. Сынған аяғына ота жасалуы мүмкін. Сондықтан ауруханада қанша жататынын нақты айта алмаймыз.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу