Венада Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды
Венадағы БҰҰ ғимаратының орталық залында Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған көрме ашылды. Шараны еліміздің Аустриядағы елшілігі мен Венадағы Қазақстанның халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі бірігіп ұйымдастырды. Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы жарлығының көшірмесі, тарихи құжаттар мен сирек кездесетін фотосуреттер қойылған. «Ядролық сынақтың зардабы»тақырыбына балалардың салған суреттері де көпшіліктің назарын аударды. Сондай-ақ, залдың бір бұрышында полигон тарихын егжей-тегжейлі баяндайтын британдық режиссер Андре Сингердің «Жел қайдан соққан еді» атты деректі фильмі көрсетілуде. Женевадағы БҰҰ ұйымының қызметкерлері көрмені 5-қыркүйекке дейін тамашалай алады.
Эрлан Батырбеков, ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, «ясжтшұ»-ның жұмыс тобының төрағасы:Полигон жабылғаннан кейін біздің үкіметтің алдында инфрақұрылымды жақсарту, сынақтардың зардабымен күрес, әскери-өнеркәсіптік кешенде өзгеріс енгізу, ғылыми-техникалық базаны құру, Қазақстанда бейбіт атомды дамыту сынды өзекті мәселелерді шешу тұрды. Осы мәселелерді шешу үшін 1992 жылы Тұңғыш Президенттің жарлығымен ұлттық ядролық орталық құрылды. Біз ядролық сынақтың зардабын жою үшін 8 жобаны жүзеге асырдық.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жазушы В.Михайловты мерейтойымен құттықтады
07.09.2026, 13:30
Туризмге 2 жылда ₸2,2 трлн инвестиция тартылған
07.09.2026, 13:27
Қорғалжын қорығына м³40 млн су жіберілді
07.09.2026, 13:24
5 мың шақырымдай теміржол салынады
07.09.2026, 13:21
Ембідегі 125 жыл болған вокзалды жаңғыртты
07.09.2026, 13:18
Астанада ғарыш саласына қатысты форум басталды
07.09.2026, 13:15
Қытай ШЫҰ мүше елдермен қорғаныс саласын күшейтпек
07.09.2026, 13:12
Индонезиядағы жанартаудың салдарынан рейстер тоқтады
07.09.2026, 13:09