Пауэрлифтингтен сынға түскен отандасымыз Давид Дегтярев алтын медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пауэрлифтингтен сынға түскен отандасымыз Давид Дегтярев алтын медаль иеленді

26.08.2021

Қазақстан қоржынында алтын медаль. Пауэр-лифтингтен Давид Дегтярев Токиодағы Паралимпиада ойындарында жеңіске жетті. Жерлесіміз 54 келіге дейінгі салмақта 174 келіні бағындырды. Француз және грек спортшылары отандасымызға есе жіберіп, күміс пен қоланы иеленді. Давид Дегтярев Ақмола облысы, Атбасар қаласының тумасы. Пауэр-лифтингпен 2016 жылдан бері айналысып келеді. Айта кетсек, паралимпиадаға елімізден 26 спортшы аттанған болатын. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу