БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі қаралып жатыр

24.08.2021
БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі қаралып жатыр

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі пандемия кезінде БАҚ үшін салықсыз режим аяқталғаннан кейін БАҚ қызметкерлеріне декреттік жәрдемақы төлеу мәселесі жөнінде түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп Заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеп жатқанын және ағымдағы жылдың қыркүйек айында оларды ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Осылайша, декреттік жәрдемақыларды төлеу мәселесін ағымдағы жылдың соңына дейін шешу көзделіп отыр», - делінген хабарламада.

Бұл мәселе Ақпарат және қоғамдық даму министрінің жеке бақылауында.


Хабарламаларға жазылу