Аймақ әкімдіктерінің бюджеттік дербестігін арттыру көзделіп отыр
Аймақ әкімдіктерінің бюджеттік түсімдері әлдеқайда артуы мүмкін. Сенатта «Өңірлердің бюджеттік дербестігі» мәселесі қаралды. Депутаттар жаңа салық кодексіне қатысты ұсыныстарын жеткізді. Олардың айтуынша, қазір облыс, аудан бюджеттеріне салық дұрыс төленбейді. Мәселен, Маңғыстау немесе Атырау облыстарында қандай да бір компания кен орындарын игерумен айналысқанымен, салықты жергілікті жерге төлемей, Астана немесе Алматы қаласының бюджеттерін толтырады. Бұл дұрыс емес. Олардың пікірінше, компания тіркелген жерге емес, жұмыс істеген өңірге салық төлеуі керек. Сондықтан жаңа кодекске бұл норманы енгізуді сұрайды.
Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Парламентке кіргізу мәселесі бойынша жұмыстар қаралып жатыр қазір. Қай заңға кіретініміз анықталып жатыр. Сол заңнаманың аясында осы әкімдіктердің бюджетін арттыру бойынша жұмыстар жасалады. Онда қарастырылмаған, сіз жаңа айтып отырған кен игерушілер бойынша салықты жергілікті бюджетке төлеу мәселесі де пысықталатын болады. Ол біздің қарауымызда.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем кубогы Вашингтонға жеткізілді
04.12.2025, 20:25
Халықаралық инвестициялық форумға 20 елдің өкілдері қатысты
04.12.2025, 20:23
Әлем жаңалықтарына шолу
04.12.2025, 20:13
Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін
04.12.2025, 20:12
Абай облысындағы шалғай ауылдар оңалып келеді
04.12.2025, 20:11
Шағымдардың басым бөлігін әкімшілік сот қарауы мүмкін
04.12.2025, 20:11
Елдің оңтүстігінде 11 мыңға жуық вагон кептелісте тұр
04.12.2025, 20:08
Биыл СҚО-на 900 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
04.12.2025, 20:07