Ақтау қаласында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау қаласында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде

24.08.2021

Ақтау қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында шағын аудандарда ауқымды абаттандыру жұмыстары басталды. Осыған дейін бірде-бір рет жөнделмеген жолдар жаңадан төселіп, спорт және балалар ойын алаңдары қайта жаңартылып жатыр. Игі іс демеушілердің қаражыландыруымен жүзеге асуда.

13 –ші шағын ауданның үйлері сонау 1986 жылы тұрғызылған. Жол да, балалар ойын алаңдары да сол кезде салынған. Алайда, одан бері жөнделмей, тоз-тозы шықты. Енді осы шағын ауданның өзінде ғана 20 ойын алаңы және 9 спорт алаңы жаңартылып, жол төселеді.
Тоқсанбай Бөлтеков,  қала тұрғыны: 
Бұрынғы жол ескіріп, тозып, ойылып еді әр жерлері. Енді жасалды оның айтатыны жоқ. Былай жақсы жасалды. Кеңді кішкене арасы. Бұзылып жатқан жол еді мына тротуар, оны да жасады. 
Беслан Аббазиби,   қала тұрғыны: 
Жолдар тесік жасан болып жүрді. Қазір өте жақсы. Жақсы жасалған бәрі жұмыстарын бітірген.
Қала бойынша 5 шағын аудан абаттандырылып жатыр. Мердігерлер жұмыстың 50 пайыз орындалғанын айтады. Нәтижесінде 280 мың шаршы метр көлік жолы жаңадан төселмек. 60-тан астам ойын алаңы мен 25 спорт алаңы жаңадан бой көтереді. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін жоспарланған.
Айбек Ербөлеков, Ақтау қалалық  ТҮКШ бөлімі коммуналдық шаруашылық сектор меңгерушісі: 
Шағын аудан салынғалы мынадай толық абаттадыру жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан кезек-кезегімен шағын аудандарды абаттандыруды жүргізудеміз.20-сыншы жылы жергілікті бюджет қаржысына сәйкес, 6 шағын ауданда жөндеу жұмыстарын жүргіздік. 
Ақтауда келесі жылы тағы 6 шағын ауданда бастан-аяқ жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қазір жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу