Елордада жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

23.04.2020

Елордада жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша биыл 150 көшенің жолы жөнделеді. Елуі қаланың орталық бөлігіндегі магистралді көшелер. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтеді.

Оң жағалаудағы Қаныш Сәтпаев көшесі бойымен Бауыржан Момышұлы көшесінен Қажымұқан Мұңайтпасұлына дейін, Бөгенбай батыр даңғылының Сарыарқа мен Шоқан Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығын жөндеуге байланысты 5 мамырға дейін бұл аумақтағы жолдар жартылай жабылады. Сол себепті жүргізушілер жол кептелісін болдырмау үшін ескертуді қаперде ұстауы қажет.

Шаһар басшысы болса, жүргізіліп жатқан жұмыстар жол инфрақұрылымын жақсартады деп сендірді. Биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша қаладағы жол құрылысына 12 миллиард теңге бөлінген. Нәтижесінде 1,5 жаңа жұмыс орны ашылып, жол жөндеу ісіне жұмыссыз азаматтар тартылмақ. Сондай-ақ Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы да биылдан қалмай жөнделеді.

Еркін СЪЕЗҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу