2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланды

24.08.2021

Келер жылы Қазақстанның экономикасы 3,9 пайызға өседі. Инфляция 2026 жылға қарай 3-4 пайызға дейін түседі. 2022-24 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралған үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі осылай деді. Экономиканың негізгі драйвері ретінде шикізаттық емес секторды дамыту қарастырылған. Бюджет шығындары негізінен кәсіпкерлікті, әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін, мәдениет пен спортты дамытуға қаралмақ.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Республикалық бюджеттің ұсынылып отырған жобасы ең алдымен мемлекеттің барлық әлеуметтік мекемелерін толық әрі уақытылы орындауға және де қазіргі жағдайларда экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Дағдарысқа қарсы макроэкономикалық саясат іске асыру пандемияның салдарын жұмсартып қалпына келтіру процессін іске қосуға мүмкіндік берді.

Үкімет отырысы кезінде алдағы халық санағына дайындық барысы да пысықталды. Биыл санақ парақшаларына жаңа сұрақтар енгізілмек. Олар пандемияның табыс деңгейіне, коронавирустың таралуы және вакцинациялауға қатысты. Санақ екі кезеңмен жүргізілмек. Алғашқысы қыркүйектің алғашқы жартысында электронды форматта, екіншісі қазан айында дәстүрлі форматта болады. Халықтық науқан кезінде 32 мың адам уақытша жұмыспен қамтылмақ.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу