Елбасы Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты

24.08.2021

Нұрсұлтан Назарбаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Нәдір Кәрімұлы саналы ғұмырын мұнай ғылымы мен инженерлік саланы дамытуға арнап, кәсіби биік белестерді бағындырды және ғылыми қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды. Ол шебер ұйымдастырушы әрі беделді ұстаз ретінде ғалымдар мен педагог мамандардың тұтас буынын тәрбиеледі. «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті кезінде еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға зор үлес қосты», – делінген жеделхатта. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу