Шымкентте тамыз айында 43 адамды сарышаян шаққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тамыз айында 43 адамды сарышаян шаққан

24.08.2021

Шымкентте сарышаян қаптап кетті. Тамыз айының өзінде сарышаян шаққан 43 адам ауруханаға жүгінген. Оның 13-і балалар. Жағдайы ауыр алты адам ауруханаға жатқызылып, өзгелеріне алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Зиянкестердің бұл түрін улау жұмыстары арзанға соқпайды. Мамандар сарышаян әсіресе жазда қауіпті болатынын айтады.

Асылхан Мыңбосынов, токсикологиялық бөлімнің меңгерушісі:
Науқастарды ауруханаға жатқызу кезінде сарышаянның көлеміне, сонымен қатар шаққан жерге қарап шешім қабылдаймыз. Егер де науқастың мойын немесе бас тұсын шағып алса, оны ауруханаға жатқызамыз. Ал егер аяқ жағын шағатын болса, алғашқы көмекті көрсетіп, үйіне жіберіміз.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу