Атырауға тағы да Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді. Қытайлық препарат өңірдегі 59 егу пунктіне таратылды. Sinopharm компаниясы шығарған өнімнің I компонентін 1700 тұрғын алып үлгерді. Қазір облыста аталған вакцинаның 30 мың дозасы бар. Мұнайлы аймақта эпидахуал әлі де күрделі. Бүгін анықталған 302 адамның 55-і Теңіз кенішінен тіркелді. 93 науқас реанимацияда жатыр. 7 тұрғын қайтыс болды.
Жандос Темірғали