Президент Алматы қаласын абаттандыру жобаларымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Алматы қаласын абаттандыру жобаларымен танысты

23.08.2021

Жүргізуші: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қала әкімі мемлекет басшысына «Жаңа Алматы» бағдарламасы туралы баяндады. Бұл жоба қала тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасап отыр. Яғни, шахар халқының еркін демалуына, жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған. Президент қауіпсіздік пен жасыл желектің сақталуына жағдай жасауды тапсырды. Сондай-ақ әр ауданда тұрғындарға жайлы әрі заманауи алаңқайлар салуға баса мән беру керектігін айтты.


Хабарламаларға жазылу