Ақтөбеде электр энергиясын тарататын мекеменің жұмысшылары айлық өсіруді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде электр энергиясын тарататын мекеменің жұмысшылары айлық өсіруді талап етті

20.08.2021

Ақтөбеде электр энергиясын тарататын мекеменің жұмысшылары айлықтарының аз екенін айтып шағымданды. Мәселен, мұндағы көлік жүргізушілері мен үй-үйді аралап жүретін қызметкерлердің айлық табысы 50-60 мың теңге көлемінде ғана.Бүгін олар кәсіпорын басшыларына нақты талап қойды. Айтуларынша, бұрын беріліп келген он үшінші айлық пен емдеуге берілетін қаржыдан да қағылған. Тіпті, артық жүктеме үшін де ақы алмаймыз дейді.

Ал, кәсіпорын басшыларының айтуынша жалақы соңғы рет былтыр өскен. Дегенмен, қызметкерлердің бүгінгі талабы ескерусіз қалмайды.Бүгін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына әкімдік өкілдері, кәсіпорын басшыларынан бөлек жұмысшылар да енді. Қазір мекемеде барлығы 1500 адам еңбек етеді.


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу