Австрияда теміржолшылар бір күндік ереуіл жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрияда теміржолшылар бір күндік ереуіл жариялады

28.11.2022

Австрияда теміржолшылар бір күндік ереуіл жариялады. Осыған орай күллі ел аумағында пойыздар тоқтап тұр. Австрияның Германия, Швейцария тәрізді бірқатар елмен арадағы пойыз қатынасы да шектелмек. Теміржол жұмысшылары жалақыны 400 еуроға өсіруді талап еткен. Ал үкімет болса бұл тым көп екенін айтып, одан аздау сома ұсынды. Тараптар келісімге келе алмаған соң, 50 мыңдай теміржолшы бүгін жұмысқа шығудан бас тартқан.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу