Соңғы 10 жылда 126 мұнай ұңғымасының көзі жойылды
Соңғы 10 жылда қоршаған ортаға зиян келтіретін 126 мұнай ұңғымасының көзі жойылған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі мәлімдеді. Зерттеу кезінде жалпы саны 132 апаттық ұңғыма анықталды. Яғни жоюға жататын тағы 6 мұнай қазу орны бар. Олар Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан. Сондай-ақ, Көкжиде кен орны батыстағы ең ірі су қоры болып есептеледі. Оны сапалы ауыз су тапшылығын жоюға пайдалануға болады. Сондықтан арнайы мониторинг жүргізіліп жатыр. Жұмыс қорытындысы бойынша кен орнындағы жерасты суының ластануына жол бермеу үшін жоспар бекітілмек.
Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:Геологтардың еңбегінің арқасында экономиканың тұрақты дамуын және мемлекеттің материалды әл-ауқатын қамтамасыз ететін кен орындары ашылды. Көптеген қалалар геологтардың қызмет нәтижесінде өсті. Олар Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Степногорск, Рудный, Зарян, Ридер, Хромтау, Жаңаөзен және басқалар.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17