ҚР СІМ Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР СІМ Ауғанстандағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

19.08.2021

Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап отыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек. Сыртқы істер министрлігі Ауған еліндегі жағдай бойынша мәлімдеме жасады. Қазақстан тараптарды ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады.

«Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдер құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз. Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс», - делінген сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу