БҰҰ агенттері Алматыға уақытша қоныстанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ агенттері Алматыға уақытша қоныстанды

19.08.2021

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясы Алматыға уақытша орналасты. UNAMA өкілдері мінген алғашқы борт Алматы әуежайына кеше түнде қонды. Бұған дейін халықаралық ұйым өз агенттерін Қазақстанға уақытша көшіруге өтініш беріп, мемлекет басшысы оны қолдау туралы шешім қабылдаған. Сыртқы істер министрлігі, Алматы Әкімдігі мен өзге де құзыретті ведомстволар бірлесіп, оларды орналастыру бойынша жедел шаралар қабылдап жат ыр. Ауған жерінен келгендердің арасында халықаралық дипломаттар, БҰҰ паспорттары мен иммунитетнің иегерлері бар. Олар Ауғанстанда жағдай тұрақталғанға дейін, шамамен жарты жыл Алматыда болады деп жоспарланып отыр. Қызметкерлердің тұруы, кеңсе мен үй-жайларын жалға алуы және басқа да шығындар толығымен БҰҰ-ның бюджетінен қаржыландырылады.

Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі: 
Біз Қазақстан үкіметіне көрсеткен қолдауы мен әріптестерімізді осында қабылдау мүмкіндігін ұсынғаны үшін ризамыз. Ауғанстанда жұмыс істеу үшін бүкіл әлемнің әр түкпірінен жиналған қызметкерлер осында келіп отыр. Олар Ауғанстанға көмек көрсету жұмыстарын әрі қарай жалғастырады. Кейбіреулері Ауғанстанға осы жақтан қолдау көрсету үшін Алматыда қалады, ал басқалары одан әрі өздерінің тұратын елдеріне немесе БҰҰ құрылымындағы агенттіктерінің кеңселері орналасқан елдерге ұшады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу