30 жылдық қарсаңында 30 дизайнер марапатталды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 30 дизайнер марапатталды. Ұлттық дизайн академиясы мен Еуразиялық дизайнерлер одағы ұйымдастырған «Жасампаздық пен шығармашылық» атты семинарда дизайн мен этнодизайн саласын дамытуға үлес қосып, Республикалық, халықаралық көрмелерде өз туындысын халық назарына ұсынып жүрген, ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, ерекше шығармашылық қабілетін көрсеткен дизайнерлерге арнайы номинациялар табысталды. Комиссия мүшелері бұл жолы басымдықты ардагер мамандар мен жастарға беруді құп көрген. Сондай-ақ, жиында экологиялық дизайн саласын дамыту жоспарлары да талқыланды. Марапатталған мамандар өз жетістіктерінің қыр-сырымен бөлісті.
Ермек Асылханов, Ұлттық дизайн академиясының төрағасы:Өзіміздің Қазақстанның дизайнерлерінің жұмыстарын шетелге жеткізу, сосын сол жақтағы шеберлердің жұмысын біздің бұқара қауыммен таныстыру, одан кейінгі ең үлкен мақсатымыз өзіміздің этнодизайнды жолға қою, дамыту.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18